RU
Толық нұсқаға өту

Қамбаға рекордтық өнім құйылды

09.11.2025, 12:39 248

Биыл ала жаздай бірқатар өңірде қуаңшылық болды. Бірақ соған қарамастан бұрың-соңды болмаған рекордтық көлемде астық жиналды. 27 млн тонна қамбаға құйылды. Бастысы орташа өнімділік гектарына 17 центнерге өсті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5% жоғары. Демек агротехнологиялар тиімділігін дәлелдеді. Жерден несібесін теретін диқандардың еңбегі ақталды.
Егін жинау науқаны осы аптада Үкіметте қорытындыланды. Олжас Бектенов ендігі міндет жиналған өнімді тиімді бағамен өткізу екенін баса айтты. Ал отандық бидайға сұраныс әрдайым жоғары. Экспорттық нарықтардың саны жылдан-жылға кеңейіп келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz