Әлемде шамамен 733 миллион адам аш-құрсақ жүр. Жер шарындағы әр 11 адамның бірі ішерге ас таппай отыр. Сорақасы, сол жыл сайын көрсеткіш көбеймесе, кемімейді. Ал 2 млрд-тан аса адам өлместің күнін кешуде. Бұл «ЮНИСЕФ-тің» ресми дерегі. Бірақ шынтуайтында ахуал бұдан да мүшкіл болуы ғажап емес. Қазір азық-түлік қауіпсіздігі - жаһан жұртын алаңдатқан күн тәртібіндегі маңызды міндеттің бірі. Түйткілдің түйінін тарқатуға Қазақстан үлес қоспақ. Межелі міндет осы аптада Үкіметте қаралды. Алдағы жоспар сараланып, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту жайы сөз болды. Атқамінерлердің қам-қарекетін бағдарламамызда ақыл таразысына саламыз.
Тегтер #егін #алқап #ЮНИСЕФ #азық түлік #үкімет #Іс жүзіндеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz