Қазір онлайн сауда қызып тұр. Базар жағалап сандалудың қажеті жоқ. Тіпті қалаған затыңызды айшылық алыс жерлерден жылдам алуға да мүмкіндік бар. Өйткені әуе тасымалы бір жолға қойылған. Күн сайын төбемізден 140 мың тоннадан аса жүк өтеді. Көрсеткіш жыл санап артып келеді. Жүк тасымалынан түсетін табыс та қомақты. Мәселен, осыдан 2 жыл бұрын жаһандық нарықтағы әуе тасымалының көлемі 274 млрд доллардан асты. Егер осы қарқын сақталса, онда 8 жылдан кейін көрсеткіш 2,5 есе артады. Бұл - ICAO-ның ресми дерегі. Пайдаға кеңелу үшін қазір әлемде бәсеке күшейді. Қазақстан да жұрттан қалыс қалмай, авиациялық хабқа айналуды мақсат тұтып отыр. Межелі міндетке қалай қол жеткіземіз?
Тегтер #онлайн сауда #базар #әуе тасымалы #тонна #жүк тасымалы #табыс #нарық #доллар #ICAO #авиация #Іс жүзіндеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz