Туризм жаһан экономикасының драйверіне айналып келеді. Әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 10% осы салаға тиесілі. Әр 10 жұмыс орнының біреуі туризммен байланысты. Қазақстанның да әлеуеті жоғары. Тұмса табиғатымен талайды таңдай қақтырған көрікті жерлер көп бізде. Бірақ инфрақұрылым жағы ақсайды. Соған қарамастан барайын десең, әуе және теміржол билеттері тапшы. Тапқан күннің өзінде бағасы аспандап тұр.
Тегтер #турист #шетел #туризм #экономика #ЖІӨ #жұмыс #инфрақұрылым #әуе #теміржол #Іс жүзіндеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz