Әлемдік сауда нарығы қарқын алды. Жаһандық алыс-беріс артып, рекордтық межеге жетті. Тауарлар мен қызметтер саласының ақшалай табысы 34 жарым трлн доллардан асты. Бұған халықаралық экономикалық байланыстардың кеңейіп, логистикалық жүйелердің дамуы ықпал етті. Иә, қомақты табыстан әркімнің бар таласы. Бұл ретте мұхитқа шығар жолы бар мемлекеттердің бәсі биік. Өйткені жаһандық жүк тасымалының 70–80% теңіз көлігінің еншісінде. Ал 10-15% теміржолдың үлесінде. Бірақ логистиканың осы түрі Қазақстан үшін зор мүмкіндік. Еліміздің тиімді географиялық орналасуы Еуропа мен Азияның ірі транзиттік хабына айналуына ықпал етеді. Ол үшін алда атқарар шаруа шаш-етектен. Маңызды межеге қайтсек қол жеткіземіз?
Тегтер #сауда #нарық #рекорд #тауар #қызмет #логистика #қаржы #теміржол #жүк тасымалы #Іс жүзіндеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz