RU
Толық нұсқаға өту

Есірткі саудалайтындарға тосқауыл қойылды

02.12.2024, 23:50 1477

Есірткі сатумен айналысатын 13 қылмыстық топтың, оның ішінде 2 трансұлттық қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Бас прокуратура құқық қорғау және арнаулы органдармен бірлесіп, нашақорлық пен есірткі саудасына тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Нәтижесінде 75 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. 87 адам, оның ішінде Молдова, Латвия, Үндістан елдерінің азаматтары ұсталды. 1,3 тоннадан астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Қадағалаушы орган есірткіге қарсы «Нашақорлыққа жол жоқ» іс-шарасын тұрақты өткізіп келеді. Есірткіні насихаттағаны үшін 17 адам ұсталып, 10 мыңнан астам нарко жазбалар жойылды. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz