RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық спортқа заң жүзінде басымдық берілді

08.04.2025, 12:00 1009

Қазақстанда легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады. Бүгін Сенат тиісті заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Елдегі ала доп қуған футболшылардың жартысына жуығы шеттен келген. Мәселен соңғы 20 жылда отандық футбол премьер-лигасында ойнайтын шетелдік спортшылардан еш нәтиже болмаған. Сондықтан енді қаржы олимпиада, паралимпиада, Азия ойындарында жеңіске жеткен отандық спортшылар қолдауға жұмсалады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларын қолдау үшін аптасына 18 сағат жүктеме нормативі белгіленеді. Сенат жақында еліміздегі спорт саласына тың серпін беретін заңды мақұлдады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz