RU
Толық нұсқаға өту

Заң мен тәртіп: қылмыстық-атқару жүйесі жетілдіріледі

01.07.2025, 22:40 576

Ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Бұл ғана емес, соңғы жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Бұл жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтқан болатын. Мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикалық құрылымы түбегейлі жаңғыруда. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. 2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 4 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30% кеміді. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80% азайды. Бұл – азаматтарымыз көшеде ештеңеден қауіптенбей, алаңсыз жүре алады деген сөз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz