Елімізде кассациялық сот жұмысын бастады. Енді аппеляциядан әділдік таппағандардың шағымы 6 ай ішінде қаралатын болды. Әр істің байыбына барып, мән-жайды мұқият бағамдау үшін шағымдар азаматтық, әкімшілік не қылмыстық бағыттың бірінде зерделенеді. Бірінші шілдеден бастап сот жүйесіне осындай өзгеріс енді. Кассациялық соттар Астана қаласында жасақталып, барлық өңірден келген шағымдарды қарайды. Бұл жергілікті заң органдарымен ымыраластыққа жол бермеу үшін жасалып отыр. Осыған дейін азаматтар аппеляция шешімен келіспесе, іс Жоғарғы сотқа өтіп, шағымдардың 25%-і ғана қаралған. Енді арыз-талап, сот процесі кезінде болған кемшіліктер назардан тыс қалмайды.
Тегтер #кассациялық сот #шағым #сот жүйесі #реформа #Заң мен тәртіп #24KZ #Заң бойыншаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz