RU
Толық нұсқаға өту

Республика күні: елдегі жалғыз ұлттық мейрам туралы не білеміз?

21.10.2025, 22:30 1309

Қазақ елінің тәуел­сіз­дігіне жол ашқан Мем­лекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдан­ғанына биыл 35 жыл. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған декларация Қазақстанның саяси және экономикалық тәуелсіздігін жариялап, оның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының алғашқы заңнамалық негізін қалады. Тағдыршешті құжатта еліміздің дербестігі, ішкі және сыртқы саясаттағы тәуелсіздігі, заңнамалық, экономикалық және мәдени дербестігі анық көрсетілді. Міне, осылайша 25 қазан елімізде Республика күні болып белгіленген еді. Республика күні – тәуелсіз Қазақстанның болашағына сенімді қадам жасап, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын күн. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz