Қазақстан - саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ауқымды бастамадағы алғашқы адым басталды. Айталық, Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтай елдің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға ретінде тарихта қалмақ. Себебі алқалы жиында қоғамдағы өзекті мәселелер мен мемлекеттік құрылымға қатысты маңызды шешімдер ортаға салынды. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың ішінде қоғам назарын ерекше аудартқаны – бір палаталы Парламент құру бастамасы. Бұл кездейсоқ көтерілген мәселе емес, өткен жылы идеяны Президент Жолдауында ұсынып, қазан айында Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Содан бері заң шығарушы биліктің тиімділігін арттыруға қатысты пікірталас үзілмей келеді.
Тегтер #парламент #президент #жолдау #парламенттік реформа #Заң бойыншаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz