Сталкинг жасаған адам қылмыскер саналады. Қылмыстық Кодекске осындай жаңа ұғым енгізіліп, алғаш рет адамды заңсыз қудалау қылмыстық жауапкершілік болып белгіленді. Бұл азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Былтыр шілдеде Президент тиісті заңға қол қойған. Содан бері тәртіп қатаң. Айталық, биыл жыл басынан бері Астанада 19 сталкинг ісі тіркелген. Сталкинг жәбірленушінің еркінен тыс, тікелей зорлық-зомбылықсыз жүзеге асқанымен, елеулі зиян келтіруге әкеп соғатын заңсыз қудалау. Яғни, бұл – тура айтқанда, адамды аңду.
Тегтер #сталкинг #Қылмыстық кодекс #жеке өмір #қауіпсіздік #заң #президент #Заң бойыншаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz