Қазақстанда қауіпті өндірістік нысандарды жасанды интеллект бақылайды. Цифрландыру аясында Қазақстанда ЖИ элементі бар «е-ТЖМ» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Жүйеде қауіпті өндіріс нысандарын есепке алу және апаттар мен жарақат алудың деректер банкі, бизнес-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ нысандағы қауіп-қатерлерді болжау көзделген. Платформада қызметкерлердің білімін тексеру прокторинг жүйесі арқылы онлайн режимде жүргізіледі. Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен 55 шахта мен кен орны тексерілген. Оның ішіндегі 45 нысанда жаңа қауіпсіздік жүйелері орнатылды.
Тегтер #ЖИ #цифрлық платформа #өндіріс #апат #жарақат #онлайн #шахта #кен орны #еңбек қауіпсіздігі #KPI #Заң бойыншаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz