RU
Толық нұсқаға өту

Құрылыс компанияларының қара тізімі пайда болады

30.06.2026, 14:40 35

Елімізде 1 шілдеден бастап Құрылыс Кодексі күшіне енеді. Мың рет өзгеріп, түзетілген, алпауыт компаниялардың қытығына тиген атышулы құжат нарыққа біраз өзгеріс әкелейін деп отыр. Тіпті құрылыс компанияларының қара тізімі пайда болады. Қайбір жылдары құрылыс компанияларына жеңілдік жасаймыз деп, еркіне жіберіп, еркелетіп алдық. Салдарынан сылағы сыпырылып, қабырғасы қақырап, төбесі тесілген нысандар көбейді. Екінің бірінің тісі батпайтын компаниялар білген жерге баспана тұрғызды. Заңсыз құрылыс қаптады. Баспаналы боламын деп соқыр тиынына дейін санап берген мыңдаған үлескер сан соғып қалды. Сондықтан ендігі бетімен кеткен құрылыс компанияларды бір жолға түсіру үшін қара тізім пайда болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz