Мектеп оқушылары енді заң талаптарын жетік меңгереді. 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті оқу курсы, 5-11-сынып үшін «Жеке қауіпсіздік» курсы оқытылады. Ал бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылып келген «Құқық негіздері» курсы барлық оқушылар үшін міндетті пәнге айналады. Осылайша еліміздің оқу бағдарламасы жаңа Конституция нормаларына сай толық қайта қаралды. Балалардың білімін бағалау тәсілдері де жаңартылған. Жаңа оқу жылына санаулы күн қалды. Қазір мектептерде соңғы дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Тегтер #мектеп #оқушы #Конституция негіздері #Заң мен тәртіп #Жеке қауіпсіздік #курс #заң #пән #Құқық негіздері #Заң бойынша #білімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz