Бүгінге дейін 370 елді мекен тұрғындары ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Соның нәтижесінде ауыл-аймақта қылмыс саны азайды. Ащы судың зардабы ауыр. Оның салдарынан қылмыс көбейеді, денсаулық сыр береді, ел арасынан ынтымақ кетеді. Мұны түсінген ауыл тұрғындары ішімдіктен ерікті түрде бас тарта бастады. Бұған жергілікті полиция қызметкерлері мен ақсақалдар ықпал еткен. Қазір 370 ауыл-аймақта арақ-шарап сатылмайды.
Тегтер #хабар24 #Заң мен тәртіп #ауыл #ішімдік #қауіпсіздік #Тәртіп #қоғамPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz