Қарызға ақша беріп, қолхат жаздырмай немесе сенім білдіріп жазбаша келісім жасаспау өмірде жиі кездеседі. Көптеген азаматтар қолхат жоқ болса, «ақшамнан айырылдым» деп күдер үзіп жатады. Алайда, WhatsApp-тағы хабарламалар мен банк аударымы арқылы да қарызды дәлелдеп, ақшаны толық қайтарып алуға болады. Бұл туралы 24KZ тілшісіне берген сұхбатында белгілі адвокат Нұрлан Жанабаев мәлімдеді.
Заңгердің айтуынша, қолхаттың немесе жазбаша шарттың болмауы ақшаны қайтару мүмкін емес деген сөз емес. Мұндай жағдайда ең маңыздысы — ақшаның шынымен қарызға берілгенін нақты дәлелдей білу. Қазақстанның азаматтық заңнамасына сәйкес, қарыз шарты ақша берілген кезден бастап жасалған болып есептеледі, ал сотта электрондық және цифрлық материалдар дәлел ретінде толық қабылданады. Егер ақша банк арқылы аударылса, түбіртекті немесе банк мәліметін сақтау қажет, - дейді заңгер.
Бүгінгі күні цифрлық дәлелдердің маңызы өте жоғары. Атап айтқанда, мессенджерлердегі, әсіресе WhatsApp-тағы хат алмасулар сотта салмақты дәлел бола алады. Егер борышкер хат жазысып отырған кезде ақшаны алғанын, оның қарыз екенін растаса немесе қайтаруға уәде берсе (мысалы: «ақшаны алдым», «қарызымды келесі айда қайтарамын», «әзірге қайтара алмай жүрмін» деп жазса), бұл деректер заңды күші бар айғақ ретінде қарастырылады.
Дегенмен заңгер банк аударымы мен хат алмасуды қатар қолдану маңызды екенін ескертеді. Себебі тек банк арқылы ақша аударудың өзі қарыз екенін жүз пайыз дәлелдей алмайды – екінші тарап бұл қаражаттың басқа мақсатпен берілгенін айтуы мүмкін.
Тегтер #Нұрлан Жанабаев #борышкер #қарызды қайтару #сарапші пікірі #24жаңалықтар #24KZАударым түбіртегі мен борышкердің қарызды мойындаған хабарламалары бір-бірін толықтырып тұрғаны абзал. Егер қарыз алушы ақшаны қайтарудан қасақана бас тартса, осы жиналған дәлелдермен сот арқылы қарызды мәжбүрлеп өндіріп алуға толық негіз бар, - дейді Нұрлан Жанабаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz