RU
Толық нұсқаға өту

Заң жобасы. Жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістер

20.02.2017, 14:29 1608

Қазір елімізде көлік жүргізу куәлігін алу үшін автомектептерде оқудың еш қажеті жоқ. Жарты жыл бұрын ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарға жол ережесін өздігінен жаттап, кейін емтихан тапсыруға рұқсат берді. Бірақ полицейлердің бұл жеңілдігі тиімсіз болып шықты. Өткені нұсқаушысыз өзі оқып, ізденген 10 азаматтың 8-і емтиханнан өте алмаған. Бұған қоса автомектептерді тәмамдағандардың тең жартысы сыннан сүрініпті. Ал көлік жүргізушілерін оқыту жүйесі сапасыз болған сайын жолдағы апат та артады –  дейді заң шығарушылар. Сондықтан Мәжіліс депутаттары куәлік бермес бұрын азаматтарды арнайы курстан өтуге міндеттеп, «Жол қозғалысы ережелері туралы» заңға өзгеріс енгізуді талап етіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz