Ширек ғасыр бойы жеке облыс мәртебесінен айырылған Семей бүгінде үлкен өзгерістің алдында тұр. Қалада жаңа көпір салынып, тұрғын үйлер бой көтеріп, өндіріс жанданып, әлеуметтік нысандар көбейіп келеді. Бір сөзбен, Семей үлкен құрылыс алаңына айналған.
«Жасампаз мекеннің» бұл шығарылымында біз сол өзгерістерді өз көзімізбен көрдік.
Ертістің үстінен салынып жатқан құны 47 млрд теңгеден асатын жаңа көпір Семейдің көлік мәселесін қаншалықты шешеді? Неліктен бастапқыда бұл жобаны қаржыландыруы тиіс болған Қытай гранты іске аспай қалды?
Кеңес заманында аты дүркіреген Семей ет комбинатының орнын енді заманауи өндіріс баспақ. Мұнда ет толық өңделіп, 100-ден астам өнім түрін шығару жоспарланған. Тіпті малдың қаны да қалдыққа кетпей, арнайы өңдеуден өтеді.
Ал Қарағайлы шағын ауданында жүздеген жаңа пәтер салынып жатыр. Қаланың жаңа бөлігінде балаларға арналған шығармашылық орталығы да бой көтеруде.
Бірақ басты сұрақ басқа: бұл құрылыстар Семейдің өмірін шын мәнінде өзгерте ала ма? Ескі Семей кетіп, жаңа Семей келе ме?
Жауабын «Жасампаз мекеннің» жаңа шығарылымынан көріңіз.
Тегтер #24KZ #Семей #Жасампаз мекен #көпір #қала #Абай облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz