Ақтөбеде жол мәселесін шешуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Ақтөбе–Ұлғайсын тас жолы 4 жолаққа кеңейтілуде, ал қала ішінде сапа талабына сай келмеген асфальт алынып, қайта төселген.
Бұдан бөлек, 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан кәріз тазарту станциясының орнына жаңа нысан салынып жатыр.
«Жасампаз мекен» бағдарламасының жүргізушісі Риат Шони Ақтөбеге арнайы барып, құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстың қалай жүріп жатқанын және миллиардтаған теңгелік жобалардың қазіргі жағдайын тексерді.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz