Алтын өндіруге қажетті химиялық реагент. Қазақстанда бұрын өндірілмеген сутегі асқын тотығы. Кәдімгі мал терісінен жасалатын желатин мен коллаген…
Шу ауданында бірінен-бірі өткен алып зауыттар бой көтеріп жатыр! «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында 970 млрд теңгеге бағаланған 27 инвестициялық жоба тіркелген. Болашақта мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылмақ.
«Халықтық құрылыс» бағдарламасының жаңа шығарылымында Риат Шони Жамбыл облысына арнайы барып, үш ірі зауыттың құрылысын аралады. Жұмыс қарқынын тексеріп, өндірістің ерекшеліктерін зерттеп, мамандардан тікелей жауап алды.
Қазақстанға мұндай өндірістер не үшін қажет? Шетелден тасымалданатын өнімдерді енді өзіміз шығара аламыз ба? Ал теріден жасалған отандық коллаген әлемдік нарыққа жол таба ма?
Тоғыз жолдың торабы енді үлкен өнеркәсіп орталығына айнала ма?
Жауабы – «Халықтық құрылыс» бағдарламасының кезекті шығарылымында.
Тегтер #24KZ #халықтық құрылыс #алтын #Өндіріс орындары #Шу #Жамбыл облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz