Қазақстанның полигонында жиналған қоқыс қалдықтары 100 млн тоннадан асып барады.
Оның 37 пайызы тамақ қалдықтары болса, өңделуі мүмкін қағаз бен картон 40, пластмасса 15, ал шыны қалдықтары 6 пайыз. Алайда бұларды полигонға жеткізбей-ақ қайта сұрыптау арқылы шикізаттың жаңа көздерін табуға болады. Елімізде бұл бағытта ашылып жатқан бастамалар да жоқ емес. Бүгінгі шығарылымды біз қағаз өнімін қайта өңдеу ісіне арнамақпыз.
Гофра қағаз және картон қаптамаларын азық-түлік саласында жиі қолданады. Түрлі тағамдарға арналған қораптар баспаханада дайындалады. Елімізде осы өнімді шығару арқылы қалдықсыз өндірісті жолға қойған баспахана жұмыс істейді. Онда күніне 20 мың қорап басылса, қалған қағаз қиындылары қайта өңдеуге жіберіледі. Тіпті қораптар да өңделген қағаздан жасалады. Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын тиігізбей қайта өңделуіне С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері де ат салысуда. Мұнда өткен жылдан «ЭкоКросс» жобасы бастау алды. Күзден бері белсенді студенттер 1500 тонна пластик пен қағаз жинап, тапсырған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz