Бүгінде энергетика саласының мамандары үшін аудит қызмет көрсетудің жаңа түрі болып саналады. Енді ондағы қызметкерлер энергияны қалай тұтынуды ғана емес, үнемдеуді де үйрете алады.
Қазақстан негізгі энергия тұтынушы секторларда энергияға деген сұранысты 2030 жылға қарай 10, ал 2050 жылы 15 пайызға дейін төмендетпек. Бүгінде энерготиімділік және энергоүнем бағдарламасына септігін тигізетін пилоттық жобалар да басталып кетті.
Елімізде жылына 1,5 мың тонна шартты отын тұтынатын кәсіпорындар арнайы жасақталған энергетикалық тізімге кіреді. Оның есебі қатаң. Ал бақылауды Электр энергетикасын дамыту институты жүргізеді. Бүгінде тізімдегі субъектілер саны 6 мыңнан асады. Олардың ішінде энергоаудит жүйесі міндеттелген жеке кәсіпорындар да бар.
Жалпы энергоаудит жүргізген кәсіпорындардың нәтижесі қандай? Бұл тұста еліміздегі басты проблема не? Бас қалада орналасқан ойын-сауық орталығы тексерістен өте алды ма?
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz