Ландшафт пен экожүйенің нашарлауы, қоршаған ортаның радиоактивпен ластануы, бастысы халық саулығының нашарлай түсуі. Бұл – адамзатқа кері әсерін тигізген ғылымның нәтижесі.
Өткен ғасырдың ядролық технологиялары еліміздің жекелей аймақтарында аталған проблемалардың пайда болуына түрткі болған. Қазіргі таңда Ядролық физика институтының ғалымдары қоршаған ортаға радиациялық әсердің қай деңгейде болғанын зерттеуде. Ғалымдар тек көрсеткіштермен шектелмей, сонымен қатар зардап шеккен жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша шаралар атқаруда.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz