RU
Толық нұсқаға өту

Жасыл экономика. Экоауыл жобасы

23.05.2016, 15:26 1594

Бұл таза ортада өмір сүріп, табиғи тауарды тұтынғысы келетіндерге арналған таптырмас жоба.

«Eco-village Kazakhstan» жобасын бүгінгі күннің басты мәселесі қоршаған ортаның ластануын назарға алған Назарбаев Университетінің студенттері ұсынып отыр. Экоауыл 4 блоктан тұрады. Энерготиімділік, жоғары өнімділік, үнемділік және сапаның қатаң қадағалануы. Жобаның басты энергетикалық ерекшелігі су мен жарықты үнемдеудің тиімді шешімдері. Су тазарту мен қоқысты оңтайлы тасымалдау жүйесі де назардан тыс қалмаған.

Мұндай елді мекеннің тағы бір артықшылығы оның ара ұясы іспетті жобалануы. Идея авторларының сөзіне сенсек, мұндай сызбамен жасалған жердегі жол жүйесінде көлік кептелісі болмайды. Сондай-ақ жол апаты да азаяды. 

Қолданыста аса үнемді тың идея жайлы толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz