RU
Толық нұсқаға өту

Жігерлі жүрек. Өмірден үміт үзбеген жан

08.02.2016, 14:23 1786

Нұргүл Жаманова Павлодар облысының тумасы. Дүние есігін ашқанда-ақ оған дәрігерлер сал ауруы деген диагноз қойды.

9 жылдық күрес пен 8 рет жасалған операция оның аяғын сылтып басса да, тұруына себеп болды. Ауыр күндер артта қалып, ата-ананың демеуі жігерінің жасуына жол бермеді. Нұргүл мектепті жақсы оқып, колледж қабырғасында кітапхана ісі бойынша білім алды. Бос орындар жәрмеңкесі арқылы Ақсу қаласының мүгедектер ісі бойынша әдіскері болып жұмысқа орналасты. Қиындықты жеңіп үйренген бойжеткен өзі тағдырлас жандардың да мойымай еңбекке араласқанын қалайды. «Өзгенің рухын көтеріп, ішкі сенімін арттырсам», – дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz