RU
Толық нұсқаға өту

Жігерлі жүрек. Ерлан Сүлейменов: «Мүгедектер де қоғамға өз үлесін қоса алады»

15.02.2016, 11:52 1924

Тәжірибелі спортшы Ерлан Сүлейменов мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін ішкі сенім мен еңбек қана жеңіске жетелейтінін жақсы біледі.

Ол 23 жасында онкологиялық аурудың салдарынан аяғынан айырылды. Алайда жігерін жасытқан емес. Бүгінде Ерлан Сүлейменов – ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры. Алдағы жазда өтетін Рио-де Жанейродағы паралимпиадалық ойындарға қатысатын қазақстандық спортшылардан зор үміт күтеді.

«Мен өзім секілді жандарға үнемі көмек созуға дайынмын. Өйткені мен оларды жақсы түсінемін. Тағдырымның осылай болуы да кездейсоқ емес шығар», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.

Қазіргі таңда Ерлан Сүлейменовтың отбасы жеке кәсіппен де айналысады. 2 жыл бұрын ашқан шеберханасында бүкіл отбасы мүшелері жұмыс істейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz