Айман Сермаханованың қолынан шыққан бұйымдары Рудный қаласының көптеген көрмелеріне қойылған.
Тігін мен тоқу, кестелеу өнерін интернаттағы үйірменің мамандары үйретті. Шыдамдылықты қажет ететін кестелеу өнері жол апатынан кейін қимылсыз қалған оның саусақтарын икемге келтірді.
Кейіпкеріміз туған жері Қызылорда облысынан Рудныйға келе жатқанда апатқа ұшырап, жары мен 6 баласынан айырылды. Ал апаттан аман қалған 1 ұлы балалар үйіне, өзі Рудный қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйіне орналастырылды.
10 жылдық табандылығының арқасында Айман өздігінен қоларбаға отыратын жағдайға жетті. Тірі қалған ұлымен кездесті. Спортты жанына серік еткен ол бүгінде кәсіби түрде ауыр атлетикамен шұғылданады. Ал үстел теннисінен облыстық жарыста 1-орынды иеленген. Күнделік жазады. Болашақта оны өңдеп, баспаға берсем дейді. Мақсаты өзі тағдырлас жандарға ісімен болмаса да, сөзімен демеу көрсету.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz