RU
Толық нұсқаға өту

Жігерлі жүрек. Йога нұсқаушысы Камилла Шоқанова

24.02.2016, 23:35 2456

Ол өз сабағына келгендерге «тәннің сұлулығын жасамас бұрын, жан әдемілігін қалыптастыру керектігін» үнемі айтып отырады.

Сал ауруына туа біте шалдыққан Камилланың санасына түйген осы бір ұстанымы өмірде біраз қиындыққа төтеп беруге көмектесті. 26 жастағы бойжеткен талпынысы мен талабының арқасында біраз жетістікке жетті. Алғашында волонтер болып емханада өзі секілді балалар мен олардың ата-аналарына көмектесті. Ағылшын және испан тілдерін еркін меңгерген ол қазір дизайнер жұмысын атқарады.

5 жылдан бері йогамен айналысатын Камилланың бүгінде шағын студиясы бар. Астана ғана емес, еліміздің өзге өңірлеріне де шақыртулар жиі алып, тренингтер өткізіп тұрады. Жас та болса өзгеге берері мол оны асыға күтетіндер көп. Әлеуметтік желіден парақша да ашқан. Онда өзі секілді сал ауруына шалдыққандарға арнап мақала жазып отырады. Қиындықты жеңудің түрлі жолдарымен бөліседі.

Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz