RU
Толық нұсқаға өту

Жігерлі жүрек. Суретті сөйлеткен талант

29.02.2016, 16:20 2569

Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков өнерінің арқасында бүкіл әлемге танылды. Дүниеге мүгедек болып келген ол бүгінде жүздеген картинаның авторы.

Еңбектері талай рет шетелдік көрмелерге қойылып, тамашалағандарды таңдай қақтырды. Жақында көрмесі өткен суретшінің туындыларын БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун да жоғары бағалады.

Жапония, АҚШ, Түркия, Германия және Қытайдың көркемсурет галереясына келгендер Кәріпбектің жұмыстары арқылы Семейде жасалған ядролық сынақтың зардабын сезінгендей күй кешті.

Ол бұл сынақ жүргізілген полигоннан 100 шақырым жердегі Егінбұлақ ауылында дүниеге келген. Ата-анасы алғашында қолсыз туылған ұлына жақындауға бата алмады. Алайда бас тартпады. Керісінше өмірге бейімдеді.

Кейіпкеріміз есепші мамандығы бойынша білім алды. Ал сурет салуды Санкт-Петербургтегі мүгедек балаларға арналған интернатта оқып жүргенде бастады.

Кәріпбек ядролық қарусыздандыру қозғалысының белсенді мүшесі. Ол осы күні «Атом» жобасының Құрметті елшісі ретінде әлемдік көшбасшыларды ядролық қаруды сынауға тұтастай тыйым салып, таратпауға шақыруды мақсат еткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz