Айсұлу Асан республикалық ақпараттық сайттардың бірінде тілші-аудармашы болып жұмыс істейді.
Журналист мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын тәмамдаған. Қоларбада отырып-ақ ол өз жұмысын еш кедергісіз атқарады.
Кейіпкеріміздің қоларбаға таңылғанына 11 жыл болды. Ол жол көлік апатына ұшырап, омыртқасын зақымдаған. Алайда Айсұлу келерден үмітін үзбеді. Денсаулығына қауіпті болғанына қарамастан тәуекелге бел буып, екі баласына жарық дүние сыйлады.
Айсұлу қол қусырып отыратындардың қатарынан емес. Әлемнің біраз елдерін аралап үлгерді. Ол шетелге шыққанда үнемі сол елдің салт-дәстүрін қағазға түртіп, кейін сол ақпараттарды жариялағанды жаны сүйеді. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz