Балдырған Ыдырысова көзі көрмесе де, көкөністің күтімін бағбандай-ақ біледі. Бақшадағы шағын жерге көктемде қажеттісін егіп, жаздай жағдайын жасайды. Күзде жиналған өнім отбасының қысқы азығы.
Кейіпкеріміздің 27 жасында күтпеген жерден көзінің көру қабілеті нашарлап, одан кейін су қараңғы болып қалған. Білікті дәрігерлер көмегіне жүгінгенімен, оң нәтиже бермеді. Мектепте мұғалімдік қызметті атқарып жүрген Балдырған Ыдырысова мәжбүрліктен жұмыстан босады. Алайда ол төрт қабырғаға қамалып қалмады. Басқа кәсіпті меңгеруді мақсат тұтты. Арнайы медициналық массаж жасау курсын тәмамдап, қалалық мүгедектер үйінен шағын бөлме ашты.
Дертке дауа болатын кәсіптің қыр-сырын меңгерген кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz