RU
Толық нұсқаға өту

Жігерлі жүрек. Жеңіске жетелейтін күш

16.03.2016, 16:27 1844

Азон Шаймарданов отырып ойнау волейболынан 2002 жылғы Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Волейболдан 11 дүркін, пауэрлифтингтен 10 дүркін Қазақстан чемпионы. Ол 12 жылдан астам уақыт Қазақстан құрама қомандасында өнер көрсетті. Осы уақытқа дейін бұл салада алған марапаттары жетерлік.

Кейіпкеріміз 1 жыл бұрын Ақтаудан туған жері Оралға көшіп келгенде жерлестері оның облыстағы мүгедектер спортын көтеру үшін басшылық тізгінді қолына алуын өтінді. Себебі олар Азонның талапшыл әрі іскер екенін жақсы біледі. Бүгінде ол «Ұлттық паралимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігі БҚО бөлімшесінің бастығы қызметін атқарады.

Ол сол аяғынан Ақтауда Ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру қызметінде жүргенде айырылған. Қылмыскерді әкеле жатқанда көлігі апатқа ұшырап, салдарынан дәрігерлер аяғын кесуге мәжбүр болды. Сол кезде жасы небәрі 28-де болған жігіт бойын қайта тіктеп, өмірге деген көзқарасын өзгертті. Мүгедектердің де басқалар секілді еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізе алатынын дәлелдегісі келді. Жеке ісін бастады. 16 жыл ішінде Азон істің көзін, тірліктің тетігін тапқан кәсіпкер болды.

4 ұлдың әкесі балалардың да жастайынан сергек болғанын қалап, барлығын спортқа баулыды. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz