Меруерт Сүлейменованың биыл «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында жұмыс істеп жатқанына 6 жылға жуықтады.
Ол – партияның «Кедергісіз келешек» жобасының аймақтық үйлестірушісі. Сондай-ақ, азаматтарды түрлі мәселе бойынша қоғамдық қабылдауда кеңесші қызметін қоса атқарады.
Кейіпкеріміздің айтуынша, соңғы екі жылда мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан. Бұл мемлекеттің мүгедек жандарға деген ерекше қамқорлығын білдіреді. Меруерттің күнделікті қабылдауына оннан аса адам жазылып, мәселесін шешуге көмек сұрайды. Ол өзі тағдырлас жандардың сұрақтарын жауапсыз қалдырмауға тырысады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz