Қасиеттің қос жанары 23 жасында жарақат алғаннан кейін көруден қалған. 13 рет жасалған операция нәтиже бермеді.
Көркемсурет мектебін бітірген қыз кәсібін сүйгендіктен оны әрі қарай үйренудің басқа жолдарын қарастырды. Оның қаламнан бұрынғы көмекшісі кәдімгі түйреуіш. Қасиет онымен салатын суретінің сұлбасын сызып алады. Әрі қарай шебер қолдары арқылы қағаз бетіне түрлі бейнелеу өнерінің туындылары түседі. Бояуларды араластыруға жақындары мен достары әрдайым көмектеседі.
Қасиет Омарованың салған суреттерінен бір жылулық байқалады. Картинадағы айқын түстер адамның өмірге деген ерекше көзқарасын бірден аңғартады. Туындыларды алғаш көрген жан тіпті оны көзі көрмейтін суретшінің салғанына сенбеуі де мүмкін.
Ағылшын және жапон тілдерін жетік білетін Қасиеттің мамандығы экономист. Ол мемлекеттік қызметке алынған алғашқы маман. Кейіпкеріміз Туризм индустриясы департаментінің бас сарапшысы болып қызмет істейді. Біраз жылдан бері Қазақстанда әлеуметтік туризмді дамыту үшін белсенді жұмыс жасап келеді. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz