RU
Толық нұсқаға өту

Жігерлі жүрек. Адамның шексіз мүмкіндіктері

06.04.2016, 16:26 5205

Михаил Еременко ерекше автокөлік жүргізушісі. Ол темір тұлпарын аяғымен басқарады.

Кейіпкеріміз 7 жасында абайсызда тоққа түсіп, дәрігерлер оның екі қолын да кесуге мәжбүр болды. Өмірге қайта талпынуына жақындарының кеңесі көп көмектесті. Михаил бұрын оқыған мектебіне қайта барды. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан ол қатарластары секілді бақылау жұмыстарын, тіпті жоғарғы оқу орнында дипломдық жұмысын да арнайы протездің көмегімен өзі жазды. Осылайша бұл жарақат оның білікті бағдарламашы, жүзу спортының чемпионы болуға еш кедергісін келтірген жоқ.

Кәсіби спортқа Михаил 27 жасында келді. Бүгінде ол еліміздің паралимпиадалық команда құрамында өнер көрсетеді. Еңбектің арқасында халықаралық сайыстарда 2 рет Қазақстанның туын көкке желбіретті. «Адам мақсатқа жету жолында көп еңбектенуі керек», – дейді ол. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда көре аласыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz