RU
Толық нұсқаға өту

Фото: ҚР Үкіметі

Олжас Бектенов Алматы тау кластерін дамыту жұмысын сынға алды

24.04.2026, 12:33 43

Премьер-министр Олжас Бектенов Туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Премьер-министр жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы, жобалардың ағымдағы мәртебесі және АТК дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы баяндамаларды тыңдады.
Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары 73 іс-шараны қамтиды, оның 49-ын биыл жүзеге асыру жоспарлаған. Бірінші кезеңде Шымбұлақты жаңғырту және Бутаковка, Кімасар шатқалдары аймақтарын дамыту көзделген. Екінші кезең 2027 жылы басталады және Пионер, Oi-Qaragai курорттарын дамытуды, сондай-ақ оларды аспалы жол жүйесі арқылы біріктіруді қамтиды.
Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан жұмыс қарқыны баяу екенін айтты. Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортының дамуы ерекше бақылауда екені атап өтті.

«Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортын дамыту – экономика үшін туристер ағынын ұлғайтуға және инвесторларды тартуға тікелей ықпал ететін  маңызды жобалар. Оларды жүзеге асыру негізсіз созылып бара жатыр. Мемлекеттік органдар бұл жұмысқа толық кіріскен жоқ. Барлық мәселені жедел және бірлесіп шешіңіздер», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр АТК және Almaty Superski жобалары бойынша мемлекеттік сараптама қорытындыларын уақытында беру;  жобаларды ғылыми сүйемелдеу;  арнайы және өрт сөндіру техникаларының өтуі үшін қосымша учаскелер бөлу жөнінде шаралар қабылдау;  Almaty Superski курортының нысандарын салуды бастау үшін уақытша инфрақұрылым (жолдар, инженерлік желілер және т.б.) жүргізу және қажетті келісімдер беруді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz