Қазақстанда ұлттық видеомониторинг жүйесі аясында орнатылған 43 мың камера жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған. Олар 35 түрлі талдау жүргізіп, қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, камералар адамдардың топтасуын, төбелесті, қоғамдық орындарда зат қалдыруды, қоқыс тастауды және өзге де құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркей алады.
«Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп, Ұлттық видеомониторинг жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жүйе қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және құқықбұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді», – деді министр.
Жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйелері елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді етуге бағытталған.
Тегтер #Сергек #жасанды интеллект #видеомониторинг #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz