RU
Толық нұсқаға өту

Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Адылбек Қасымалиев / Фото gov.kg

Пиджак пен галстуксыз: Қырғызстанда шенеуніктерге жаңа дресс-код енгізілді

14.05.2026, 09:34 36

Қырғызстанда шенеуніктерге жылы мезгілде жұмысқа пиджаксыз келу міндеттелді. Ел президенті әкімшілігінің басшысы әрі Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа дресс-код туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа талапқа сәйкес, шенеуніктер пиджактан бас тартып, жұмысқа тек жейдемен келуі тиіс. Бұл мемлекеттік мекемелерде кондиционерді аз қолданып, электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Кеше жаңбыр жауып, күн салқын болды, бүгін күн ашық. Ертеңнен бастап Министрлер кабинетінің талабы толық орындалуы керек», – деді Адылбек Қасымалиев.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік мекемелерде қызметкерлер костюм киіп, кондиционер қолданады. Ал тек жейдемен жүру электр энергиясын үнемдеуге көмектеседі.

«Қазір біз костюм киіп, кондиционер қосамыз. Егер тек жейде кисек, кондиционерді қоспауға да болады. Біз электр энергиясын үнемдеуіміз керек», – деді ол.

Министрлер кабинеті төрағасының айтуынша, мұндай тәжірибе Жапонияда да қолданылады және бюджеттен миллиардтаған иен үнемдеуге мүмкіндік берген.

Қырғызстанда бірнеше жылдан бері электр энергиясының тапшылығы байқалады. Билік елде атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мәселені референдумға шығару жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz