RU
Толық нұсқаға өту

Фото: depositphotos.com

«Автоматпен» жүргізуші куәлігін алғандарға жақсы жаңалық: шектеу алынады

19.05.2026, 12:50 253

Қазақстанда көлік құралдарын тіркеу, жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәліктерін беру ережелері өзгереді.  ІІМ автокөлік сату, емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін беру жүйесіне цифрлық реформа енгізеді, деп хабарлайды «24KZ».

Осыған қатысты ІІМ-нің 2026 жылғы 12 мамырдағы бұйрығы Әділет министрлігінде тіркелді. Құжат Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен келісілген.

Жаңа өзгерістердің басым  бөлігі ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді , ал қалғаны 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Реформа автокөлік иелеріне қатысты негізгі рәсімдердің барлығын қамтиды — көлікті сатып алу-сатудан бастап жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға дейін.

Енді автокөлікті сатып алу-сату рәсімін толықтай онлайн жасауға болады. Көлікті тіркеу мен меншік құқығын беру eGov порталы немесе банк қосымшалары арқылы электронды цифрлық қолтаңба көмегімен жүзеге асады.

Сонымен қатар, көлікті тексеру де цифрлық форматқа көшіріледі. Полицейлер автокөлікті фотоға түсіріп, электронды акт рәсімдейді. Ол 14 күн жарамды болады.

Жаңа ережеге сәйкес, “автомат” көлігімен емтихан тапсырған жүргізушілерге қойылатын басты шектеу алынып тасталады. Бұған дейін мұндай жүргізушілер механикалық беріліс қорабы бар көлікті тізгіндеуге заң жүзінде құқылы болмаған.

Автомектептер де толық цифрлық жүйеге өтеді. “Автошкола” платформасы оқу топтарын автоматты түрде бақылап, заңбұзушылықтарға жол бермейді. Оқу туралы куәліктер енді тек электронды түрде беріледі.

Жүргізуші куәлігін алу емтиханына eGov немесе банк қосымшалары арқылы жазылуға болады. Үміткерлер міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігі eGov mobile қосымшасында цифрлық форматта қолжетімді болады. Ал алынбаған пластик куәліктер ХҚКО-ларда 30 күн ғана сақталып, кейін жойылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz