RU
Толық нұсқаға өту

Фото: gov.kz

Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан елге жеткізуге 4 млн доллар жұмсалған

19.05.2026, 15:29 75

Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар кезінде өз азаматтарын эвакуациялауға шамамен 4 млн доллар жұмсаған. Бұл қаражат жеке әуе компаниялары көтерген шығындарды өтеуге бағытталған, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет жекеменшік тасымалдаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеген.

Министрдің айтуынша, алғашқы кезеңде эвакуациялануы тиіс азаматтар саны 4 мыңға жуық болған. Кейін бұл көрсеткіш 10 мың адамға дейін өскен.

Сондай-ақ жолаушылардың жартысында әуе компанияларынан қайтар билет болғандықтан, тасымал шығындарының бір бөлігі алдын ала төленген. Үкімет тек сақтандыру тәуекелдеріне байланысты шығындардың белгілі бөлігін өтеген.

Бұдан бөлек, Қазақстандық әуе компаниялары қосымша рейстер ұйымдастырып, эвакуация Дубай және көршілес қауіпсіз елдер арқылы жүзеге асырылды.

«Дубайдағы азаматтардың бір бөлігін жағдайы тұрақты елдерге жеткізуіміз керек болды. Барлық шығын шамамен 4 млн долларды құрады», — деді министр.

Министр барлық эвакуациялық шараларға шамамен 4 млн доллар жұмсалғанын айтты.

Еске салайық, Таяу Шығыстағы жағдай шиеленіскен кезде бірқатар қазақстандық қиын жағдайда қалған еді. Тұрақты әуе рейстері бұзылып, әуе қатынасы тұрақсыз жұмыс істеген. Осыған байланысты азаматтарды қауіпсіз елдерге шұғыл эвакуациялау қажет болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz