Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты істе жаңа сұмдық жайттар белгілі болды, деп хабарлайды «24KZ».
Тергеу мәліметінше, айыпталушы Наурыз Мұқанғалиев қайтыс болғаннан кейін оның телефоны мен банк аккаунтын пайдаланып, бірнеше несие рәсімдеген.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 15 мамырда Сәрсемәлиев марқұмның Samsung A25 телефоны арқылы қосымшаға кіріп, тауарлық несиелер рәсімдей бастаған.
Kaspi.kz қосымшасының құпиясөздерін алдын ала байқап, жаттап алған.
Тергеу дерегіне сәйкес, Наурыз Мұқанғалиевтің атына:
▪️ 1 698 590 теңге — 15 мамырда
▪️ 150 000 теңге — 19 мамырда
▪️ 999 980 теңге — 21 мамырда
▪️ 1 200 000 теңге — 21 мамырда несие рәсімделген.
Марқұмның атына жалпы сомасы 4 048 570 теңге болатын төрт несие алынған.
Тергеушілердің болжамынша, Сәрсемәлиев аккаунт иесі қайтыс болған соң несие міндеттемелері жойылады деп ойлаған. Кейін ақша үш ЖШС мен бір жеке кәсіпкер арқылы шешіліп, жеке қажетіне жұмсалған.
Қазір Сұлтан Сәрсемәлиевке адам өлтіру, ұрлық, алаяқтық және жеке құжаттарды заңсыз иемдену секілді бірнеше ауыр бап бойынша айып тағылып отыр.
Тегтер #Атырау облысы #Сәрсемалиев #сот #алаяқ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz