2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда автокөлікті тіркеу ережелері өзгереді. Жаңа нормаларға сәйкес, бұрын пайдаланылған мемлекеттік нөмірлерді көлік иесінің туыстарына немесе мұрагерлеріне беру мүмкін болады, деп хабарлайды «24KZ».
Жаңа ереже бойынша нөмірлер жақын туыстарға, соның ішінде ата-ана, бала, жұбай, бауырлар, ата-әже мен немерелерге бере алады. Мұрагерлерге де көлік нөмірін өз атына қалдыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар кіреді.
Мемлекеттік нөмірді:
мемлекеттік органдар мен дипломатиялық өкілдіктерге;
бұрынғы иесінің жақын туыстарына;
мұрагерлеріне беру рұқсат етіледі.
Сонымен қатар ІІМ ақылы “әдемі” нөмірлер тізімін кеңейтеді. Енді 101, 202, 303, 404, 505, 717, 808, 909 секілді айна тәрізді және қайталанатын комбинациялар ресми түрде сатылатын болады.
Мұндай нөмірлерді бірдей әріптермен де алуға мүмкіндік беріледі. Алайда толықтай айна тәрізді әріп комбинацияларын сату әзірге жоспарланбаған.
Жаңа “әдемі” нөмірлер үшін мемлекеттік баж 15 АЕК немесе шамамен 64,9 мың теңге болады. Егер нөмір бірдей әріптермен толықтырылса, бағасы 72 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 311,4 мың теңгеге жетеді.
Тегтер #автокөлік #жаңа ереже #мемлекеттік номер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz