RU
Толық нұсқаға өту

Фото: ҚТЖ сайтынан

Биыл 28 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы билет алған

25.05.2026, 12:06 33

 2026 жылдың басынан бері «Күту парағы» қызметі арқылы жолаушыларға 84 мың бос орын ұсынылып, 28 мыңнан астам адам пойыз билетін рәсімдеген, деп хабарлайды «24KZ» .

 Ұлттық компания берген мәліметке сәйкес, сервис іске қосылғалы бері жолаушыларға жалпы саны 2,4 миллион орын ұсынылып, 872 мың билет сатылған.

 «Күту парағы» қызметі қажетті бағытқа билет болмаған жағдайда электронды кезекке тұруға мүмкіндік береді. Жүйеде бос орын пайда болған сәтте жолаушының жеке кабинетіне хабарлама жіберіліп, сондай-ақ билет сатып алу қажеттілігі туралы SMS-хабарлама келеді.

 Өтініш беру жолдары:

– bilet.railways.kz сайты арқылы;

– Жолаушылар тасымалы АҚ билет кассаларында.

 Өтінімдер пойыз жөнелтілетін уақытқа дейін 7 тәуліктен ерте емес және 1 сағаттан кешіктірілмей қабылданады.

 Компания мәліметінше, электронды кезек толықтай автоматты түрде қалыптасады. Сонымен қатар жүйеде билеттерді жаппай іздеу мен сатып алудың алдын алуға арналған қорғаныс тетіктері қарастырылған.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz