Елордада өтетін жасанды интеллектпен түсірілген Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауының талабы жарияланды, деп хабарлайды «24KZ».
Әлем елдерінің креаторларына зор мүмкіндік беретін бұл фестиваль биыл 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада өтеді. Жоба Astana AI Week аясында ұйымдастырылады.
Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фестиваль ұйымдастырушысы Алмас Жәлидің айтуынша, бұл Astana AI Film Festival халықаралық деңгейдегі маңызды алаңға айналады. Фестиваль елдегі ірі технологиялық іс-шаралармен қатар өткізіліп, AI және creative tech саласындағы мамандардың басын қоспақ.
Байқау қалай өтеді?
Фестиваль байқауының бағдарламасы екі негізгі бағыттан тұрады:
Негізгі секция — “The future worth living in” («Өмір сүруге тұрарлық болашақ») тақырыбына арналған;
Ашық секция — үздік режиссура, визуалды тіл, оқиға, концепция және кейіпкер аталымдары бойынша өтеді.
Басты талап — фильм толықтай AI технологиялары арқылы жасалуы тиіс. Яғни, жасанды интеллект тек қосымша құрал емес, туынды жасаудағы негізгі құрал ретінде қолданылуы қажет.
Қатысу шарттары
Байқауға қатысу тегін және барлық ниет білдірушілерге ашық. Қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм әзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге фестиваль платформасына жүктеуі керек.
Өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады. Іріктеу нәтижесінде негізгі секциядан 10, ал ашық секциядан 15 жұмыс финалға өтеді.
Финалистерді киноиндустрия, AI-қоғамдастық және creative tech саласының халықаралық сарапшыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қыркүйекте Астанада өтеді.
Жүлде қоры — 1 миллион доллар
Фестивальдің жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Ұйымдастырушылар фильмдердің ағылшын тілінде болғанын құптайды. Ал басқа тілдегі жұмыстарға міндетті түрде ағылшынша субтитр қосылуы тиіс.
Тегтер #Astana AI Film #фестиваль #ЖИ фильмдер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz