RU
Толық нұсқаға өту

Фото: depositphotos.com

«Алтын белгіге» үміткер түлектердің саны жарияланды

26.05.2026, 17:18 76

 2025-2026 оқу жылында Қазақстан мектептерінде 3 млн 900 мың оқушы білім алды. Оның ішінде 343 мың оқушы 9-сыныпты, ал 215 мың оқушы 11-сыныпты тәмамдайды. Бұл туралы Үкіметте өткен  баспасөз брифингте айтылды, деп хабарлайды «24KZ».

 Оқу ағарту министрлігінің мәліметінше,биыл «Алтын белгіге» үміткерлер саны 13 175 оқушыны құрады. Бұл барлық түлектің шамамен 6%-ы. Сонымен қатар 11-сынып бойынша 18 555 оқушы, ал 9-сынып бойынша 31 181 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр.

Ал техникалық және кәсіптік білім беру саласында 763 колледжде 556 мыңнан астам студент білім алған. Биыл олардың 168 мыңы оқуын аяқтайды. Оның ішінде 50 мың студент жұмысшы біліктілігі бойынша бітіреді.

Сондай-ақ дуалды оқыту жүйесі бойынша 47 400 студент білім алған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz