Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға арналған жаңа «Орда Аймақ Плюс» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама өңірлердегі жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен баспана алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «24KZ».
Бағдарламаның операторы – Қазақстан тұрғын үй компаниясы.
Жаңа ипотека бойынша несие мөлшерлемесі жылдық 10,9%-дан басталады. Қарыз мерзімі 20 жылға дейін, ал несие сомасы 75 миллион теңгеге дейін беріледі. Бастапқы жарна кемінде 20 пайыз болуы тиіс.
Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – қоса қарыз алушыны тартуға болады және қосымша кепілзат талап етілмейді. Кепіл ретінде сатып алынатын пәтердің өзі рәсімделеді.
«Орда Аймақ Плюс» бағдарламасы Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігі берілген өңірлік тұрғын үй кешендеріне арналған. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында Өскемен қаласындағы «Престиж» тұрғын үй кешенінен баспана таңдауға болады. Алдағы уақытта тізімге басқа да тұрғын үй нысандары қосылады.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты Қазақстан тұрғын үй компаниясының байланыс орталығынан алуға болады. Байланыс номері: +7 (7172) 79-75-75.
Тегтер #ипотека #жаңа бағдарлама #ҚТК #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz