RU
Толық нұсқаға өту

Фото: gov.kz

Жастарға арналған 5% ипотека: «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

02.06.2026, 12:44 44

Алматы қаласында жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беретін «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды «24KZ».

Қабылдау 1–15 маусым аралығында жүргізіледі, деп жазды Алматы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы. 

Өтінімдерді kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінде орналасқан «Almaty Jastary» сервисі арқылы жолдауға болады. Жүйеге кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Бағдарлама аясында қатысушыларға мынадай шарттар ұсынылады:

— несие көлемі 20 миллион теңгеге дейін;

— жылдық мөлшерлеме – 5%;

— бастапқы жарна – 10%;

— бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік.

Бағдарламаға Алматы қаласында тұратын 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.

Негізгі талаптар:

— Алматыда кемінде бір жыл тұрақты тіркеу болуы;

— соңғы бес жыл ішінде үміткердің және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы;

— кемінде алты ай ресми жұмыс өтілі және міндетті зейнетақы жарналарының болуы.

Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ғылым, журналистика және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, сондай-ақ құқық қорғау және коммуналдық қызмет өкілдеріне арналған. Сонымен қатар «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасына қатысушылар да өтініш бере алады.

Толық ақпаратты kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінен алуға болады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz