Қазақстанда заңсыз байыған олигархтар мен бұрынғы ықпалы күшті тұлғалардан мемлекет меншігіне қайтарылған ең қымбат активтер қайтадан электронды аукционға шығарылды. Мемлекет мүлкі тізілімінің веб-порталында миллиардтарды құрайтын лоттар жарияланды, деп хабарлайды «24KZ» «Қайтарылған активтерді басқару компаниясына» сілтеме жасап.
Бұл мүліктерді мемлекет осыған дейін де сатпақ болған. Алайда, олардың бағасы мен бұрынғы қожайындарының тым ерекше интерьерге (дизайнға) деген талғамының кесірінен алдыңғы сауда-саттық сәтсіз аяқталған. Енді ҚАБК бағаны көтеру тәсілімен бұл лоттардан құтылуды көздеп отыр.
Сатылымға шыққан лоттар қандай?
Ең қымбат бизнес-актив:
Алматының қақ ортасындағы (Бостандық ауданы, Көктем-2) «ТҰЛПАР» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі. Бастапқы бағасы- 694 миллион теңгеден асады. Бұл компания үшін талас 24 маусым күні сағат 12:00-де басталады.
Миллиардтық мега-лот: Тізімдегі ең ірі нысан - «Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-дегі қатысу үлесі. Оның бастапқы құны ақылға сыйымсыз - 26,7 миллиард теңгеден асады.

Астанадағы элиталық өмір: Бас қаланың ең қымбат аудандарындағы VIP-пәтерлер де жаңа қожайынын күтуде. Олардың ішінде:
«Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі ауданы 309,5 шаршы метрлік екі деңгейлі (дуплекс) пәтер - бастапқы бағасы 363,2 млн теңге;
«Green Village» VIP-қалашығындағы 231,8 шаршы метрлік апартамент - 214 млн теңге;
Тағы бір сәулетті пәтер - 112,9 млн теңге.
Елордалық элиталық жылжымайтын мүлік бойынша сауда 18 маусым күні сағат 10:00-де басталады.
Тегтер #қайтарылған активтер #аукцион #мемлекеттік меншік #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz