eGov.kz порталында заңды тұлғаларға көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін онлайн таңдау және брондау қызметі іске қосылды, деп хабарлайды деп хабарлайды «24KZ».
Енді компаниялар автокөліктеріне арналған қалаулы нөмірді портал арқылы таңдап, мемлекеттік бажды онлайн төлей алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек жеке тұлғаларға ғана қолжетімді болған.
Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында авторланып, «Автомобиль көлігі» бөліміндегі тиісті қызметті таңдау қажет. Өтінім ЭЦҚ арқылы расталады.
Дайын мемлекеттік нөмір көрсетілген ХҚКО-дан беріледі.
Қызмет көрсету мерзімі Астана мен Алматыда – 5 жұмыс күніне дейін, ал облыстар мен Шымкентте – 15 жұмыс күніне дейін.
Жақын арада бұл сервис eGov Business мобильді қосымшасында да қолжетімді болады.
Тегтер #Қазақстан #eGovkz #мемлекеттік номер #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz